Үйде зарядтау кезіндегі барынша ыңғайлылықтан және қаражатты үнемдеуден өзге межелі орындағы зарядты уақтылы толтыру жүріс қорын күні бойына ұлғайтуға көмектеседі.
Сауда орталықтарын, спорт залдарын, автотұрақтарды және тіпті кеңселерді қоса алғанда, тез ұлғайып келе жатқан зарядтау пунктілері желісінің есебінен автокөлікті тұрақта тұрған кезінде зарядтап алудың көптеген жаңа мүмкіндіктері пайда болды. Және мұндай пунктілерді табу өте оңай.
Зарядтау станциясына қосылу үшін автокөлік аралас зарядтау жүйесімен (CCS) жабдықталған. Ол айнымалы токпен баяу зарядтауға, сондай-ақ тұрақты токпен жылдам зарядтауға мүмкіндік береді (кейбір модельдерде). Кейбір басқа автокөлік өндірушілері зарядтау үшін басқа жүйелерді пайдаланады, мысалы, CHAdeMO. Олар Range Rover электрмобильдерімен үйлеспейді.
Тұрақты токпен зарядтау пунктілері әдетте сауда кешендері, спортзалдар және автотұрақтар сияқты жерлерде орналасқан. Тұрақты токпен жылдам зарядтау пунктілері көбінесе автомагистральдарда және жалпы пайдаланыстағы жолдарда орналасқан.
Кейбір қосымша зарядтау нүктелері тегін болғанына қарамастан, олардың көбісін пайдалану үшін мобильді қолданбаны, есептік жазбаны немесе түйіспесіз банк картасын қоса, бірнеше ыңғайлы тәсілдердің бірімен төлем жүргізу қажет. Зарядтау құны әдетте қосылу үшін бастапқы жиыннан, зарядтау уақытынан (сағат ішіндегі құны) және/немесе қолданылатын энергия көлемнен (құны кВт сағ) құралады.
Біз әсіресе басқа елге саяхаттар кезінде сіз қалаған бағыттарда қосымша зарядтау нүктелеріне және төлем тәсілдеріне барынша көп қол жеткізу үшін бірден бірнеше жеткізушілердің қызметтер құнымен және зарядтау станцияларының орналасуымен танысуды ұсынамыз.
1InControl функциялары мен опцияларының қолжетімділігі нарыққа байланысты. Еліңіз үшін қолжетімділік және толық талаптар туралы ақпаратты ресми дилерден нақтылап алыңыз. Кейбір функцияның жұмысы үшін деректерді беру бойынша келісімшарт аясында ұсынылған sim-карта қажет, бұл бастапқы кезеңнен кейін дилеріңіздің кеңесімен қосымша жазылуды қажет етеді. Мобильді желінің барлық жерде қамтылатынына кепілдік жоқ.
2Электрмобиль кабелін тек таңдаулы нарықтардан сатып алуға болады. Жергілікті сатушыға хабарласыңыз.